19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне оралған: Қорғаныс министрлігі не деді?

10.09.2026 23:20 Қарақат АСЫЛОВА
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне оралған: Қорғаныс министрлігі не деді?
295
Ашық дереккөз

Түркістан облысынан әскерге шақырылған 19 жастағы жігіт әскери борышын өтеп, үйіне ауыр жағдайда оралған, деп хабарлайды Politico.kz.

Туыстары оның қазір өздігінен жүріп-тұра алмайтынын айтып, сарбаздың дер кезінде емделмегеніне алаңдаушылық білдірді. Осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

Әскери қызметшіге қатысты ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Жақындарының айтуынша, сарбаздың денсаулығына байланысты шағымдары болғанымен, ол уақытында тиісті медициналық көмекке жіберілмеген.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 19 жастағы азамат 2025 жылдың қарашасында мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде медициналық тексеруден өткен. Сол кезде ол денсаулығына қатысты шағым айтпаған. Әкімдік жанындағы медициналық комиссияның қорытындысы бойынша жас жігіт әскери қызметке жарамды деп танылған.

Ведомство сарбаз қызмет барысында денсаулығына шағымданғаннан кейін тиісті медициналық тексеруге уақытылы жіберілгенін мәлімдеді. Ол ауруханаға жатқызылып, қажетті ем қабылдаған.

«Жан-жақты тексеру барысында буындардың туа біткен патологиясымен қатар, зәр шығару жүйесіне қатысты қосымша аурулар анықталды», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Осы аурулардың жиынтығына байланысты сарбаз әскери-дәрігерлік комиссияның қарауына ұсынылған. Комиссия оны әскери қызметке жарамсыз деп таныған.

Нәтижесінде жас жігіт денсаулық жағдайына байланысты белгіленген тәртіппен әскери қызметтен босатылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий