Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар нақты тапсырма берді

10.09.2026 22:17 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар нақты тапсырма берді
336
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдап, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кездесу барысында Президент төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік алдында тұрған бірқатар маңызды міндетті айқындады.

Мемлекет басшысы маусымдық төтенше жағдайларға дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар аудандық және ауылдық жерлердегі бөлімшелердің жұмысын одан әрі жетілдіріп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігін атап өтті.

Өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік пен сейсмологиялық бақылау мәселелері де назардан тыс қалмады. Президент халықты төтенше жағдайлар туралы дер кезінде хабардар ету жүйесін жетілдіруді тапсырды.

Сондай-ақ қатерлерді алдын ала болжау және төтенше жағдайларды ерте анықтау үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігінің кадрлық әлеуетін күшейтіп, құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, кездесу барысында ведомство жұмысының тиімділігін арттыру және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер белгіленді.

Войдите, чтобы оставить комментарий