Әнару Құрманәлі 8 жылға сотталуы мүмкін: Жанқош Тұраров оның үстінен арыз жазды
0
971
"Қыз зорлады" деп айыпталып жатқан кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Адвокаттың айтуынша, “боксшы жаттығып, жекпе-жекке дайындалып жүр”, деп жазады Politico.kz.
Жанқоштың тарапынан ешқандай әрекет жасалмаған, яғни Әнарудың отбасына хабарласып, арызды алып тастауды өтінбеген. Жанқош арыз бойынша айтылған ақпараттарды жалған деп есептейді. Өзін тазамын деп айтты. Кешірім сұрап немесе арызын алып тастау туралы өтініш жасауға ешқандай негіз жоқ, - деді ол.Адвокат өз сөзінде егер Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген жайттар дәлелденбесе, онда ол көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 8 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ одан сұхбат алған бұқаралық ақпарат құралдарына да «жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз» деп ескерту жасады. Оқи отырыңыз: «Психотроптық заттар қолданады»: Әнару Құрманәліге қатысты тың дерек шықты Оның мәлімдеуінше, Жанқош Тұраров жала жабу дерегі бойынша арызданушыны сотқа беруге ниетті.
Заң талаптарына сәйкес қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сотқа жүгінуге ниетіміз бар. Себебі қазіргі таңда кінә дәлелденбеген. Тергеу аяқталғанын күтеміз, - деді ол.Адвокат арызданушының әкесі - танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі Жанқош Тұраровпен ешқандай байланысқа шықпағанын да атап өтті. Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
06.01.2026
23:03
Атақты әнші Лидия Кәденова желіні жарды
06.01.2026
20:25
Астанада мас күйінде ұсталған судьяға үкім шықты
06.01.2026
19:19
Атырауда жоғалған отбасының денесі табылды
06.01.2026
18:35
Бауыржан Момышұлының «Алтын жұлдызы» отбасына т...
06.01.2026
18:19
Ернар Айдардың жазбасы желіде дау туғызды: Жол ...
06.01.2026
18:07
Мадуро тұтқындалған сәтте киген Nike костюмі әл...