Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол саласындағы инвестициялық және логистикалық жоба алғашқы жемісін бере бастады.

0
10

 

Қытай — Еуропа бағытындағы жүк пойызы Шэньси провинциясындағы халықаралық портқа келіп тоқтады. Бұл пойыз бірнеше апта бұрын Еуропаға экспорт тауарларын алып кеткен еді. Қайтарда импорт өнімдерін жеткізіп отыр. Транзит Қазақстан арқылы. Нақты айтсақ жүк пойызы Алашанькоу порты арқылы шекарадан өтеді. Бұл ең жақын әрі тұрақты халықаралық теміржол дәліздерінің бірі. Вагондарға 500 түрлі тауар тиелген. Негізінен сұйық май, ет, көкөніс, дәнді-дақылдар. Қазақстан арқылы қатынаған пойызға бұл жолы жол-жөнекей біздің де отандық өнімдер тиелді. Қытай Қазақстаннан 1740 тонна рапс майын сатып алды. Мұнда оған сұраныс жоғары. Бұл өнімдер Қытайдың «Көктем мерекесі» қарсаңында ұйымдастырылған арнайы фестивальде саудаға шығарылып жатыр. Ли Пей, Сиань халықаралық порт бекетінің бастығы: — Жеткізілген рапс майы Сиань мен төңіректегі қалалардың нарығына шығарылады. 10-ақпан күні Көктем мерекесі тойланады. Мейрам қарсаңында азық-түлік түрін көбейтіп, тұрғындарды сапалы өніммен қамтуды жөн көрдік. Енді жақын күндері 3 мың тонна бидай келуі тиіс. Тапсырыс берілген. Бұған дейін Солтүстік Қазақстаннан 1600 тоннадан астам мал азығы жеткізілген. Биыл Шэньси провинциясындағы бір ғана компания жалпы сомасы 33 миллионнан астам АҚШ долларына дәнді-дақыл алуға келісім-шарт жасады. Сұранысты қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан айына 8 рейс жүк тасмалданады. Жуырда Қазақстан мен Сиань арасын байланыстыратын теміржол портының құрылысы аяқталған болатын. Екі бөліктен тұратын нысанның жалпы көлемі 8 гектар. Тікелей жүк тиеу және түсіру бөлігіне шығуға ыңғайлы жағдай жасалған. Жоба жеткізілген тауарларды жедел қабылдап, таратуға мүмкіндік береді. Руслан Бақытбекұлы, тілші


ПІКІР ЖАЗУ