Жаңа министр МӘМС жайлы: асығыс шешім қабылдауға болмайды

0
11

 

Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмысын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешуден бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.»Ең әуелі жұмысымызды президенттің тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше кеңейтілген үкімет отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Оның нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде МӘМС жүйесі нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ. Осыған байланысты МӘМС жүйесіне сыни көзқараспен қарап, жұмысын өзгерту мәселесін алдымызға қойды», – деді Әлназарова сенат кулуарында.Айтуынша, бұл бағытта жұмыс басталып та кетті.
«Бірақ асығыс шешім қабылдауға болмайды, себебі бұл – халықпен жұмыс істейтін үлкен жүйе. Мұнда асығыс жасалған шешімдер қабылданбауы керек деп білемін. Оған уақыт керек, тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі бүгінде қателесуге болмайды», – деді денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ журналистер одан денсаулық сақтау министрлігінде ауыс-түйіс бола ма деп сұрады.
«Меніңше, министрліктің аппаратының негізгі әлеуеті жоғары. Бірақ тиісті жұмыстарды үйлесімді түрде жүргізу жеткіліксіз болды. Қазіргі аппаратпен осы жұмысты бірлесе отырып бастаймыз. Ауыс-түйіс әзір күтілмейді», — деді Әлназарова.


ПІКІР ЖАЗУ