Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынады

0
14

 

«Инвестор Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп өнеркәсіптік кооперация орталығын дамыту тұжырымдамасын әзірледі және нысанның құрылысын биыл бастауды жоспарлап отыр. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның іргелес облыстары әкімдерінің орынбасарлары «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығын жедел құру жөніндегі жол картасына қол қойды. Сондай-ақ қазақстандық «TCL gr.» ЖШС мен Global Textile өзбек компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл – дайын тоқыма өнімдерін өндіруге бағытталған халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының алғашқы инвестициялық жобасы.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, өнеркәсіптік кооперация орталығын техникалық іске қосу 2026 жылдың 4 тоқсанына, ресми ашылуы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру шекара маңындағы елдермен сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді, екі елдің өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жандандырады және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының өсуін ынталандырады.


ПІКІР ЖАЗУ