Еліміздің қай өңірінде алимент төлеуден жалтарғандар көп

0
19

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли еліміздің қай өңірінде алимент төлеуден жалтарғандар көп екенін айтты.

«2023 жылы алимент өндіріп алу туралы 326 328 атқарушылық іс жүргізілді. Оның 16 197-сі күрделі өндірістер болды. 7 545 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі. Ал 8 652 алимент бойынша берешек мүлдем өтелмейді. Ал олар бойынша берешек сомасы 20,7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, жыл басынан бері алимент өндіріп алу туралы 291 392 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр. Оның 12 345-і күрделі өндірістер саналады. 7 323 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі, ал 4 689 алимент бойынша берешек мүлде өтелмейді. Берешек сомасы — 14,6 млрд теңгеге тең», — деді Талғат Уәли.

Оның айтуынша, алимент өндірісінің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі. Бұл өңірде 2 579 азаматтың алимент берешегі 1 млрд 943 млн теңгені құрайды. Ал Астана қаласында 1 млрд 877 млн теңгеге — 1 802, Алматы қаласында 528 млн теңгеге — 1 145, Түркістан облысында 2 млрд 185 млн теңгеге — 806, Шымкент қаласында 1 млрд 290 млн теңгеге — 728, Қарағанды облысында 908 млн теңгеге 592 өндірістік іс бар. Ал ең аз күрделі алимент өндірістері Ұлытау, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі.

«2023 жылмен салыстырғанда оң динамиканы атап өткен жөн. Мәселен, Алматы облысында күрделі алименттердің жалпы саны 1 822 өндіріске кеміп, 4 401 өндірісті, Қарағанды облысында 897 өндіріске кеміп, 1 502 өндірісті, Астана қаласында 475 өндіріске азайып, 2 277 өндірісті, Алматы қаласында 183 өндіріске қысқарып, 1 328 өндірісті құрап отыр», — деді ресми өкіл.


ПІКІР ЖАЗУ