Димаш Құдайберген су тасқынымен күресуде Қазақстанға көмек жіберіп жатқан шет елдегі жанкүйерлеріне алғысын білдірді

0
31

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы алғыс айтқан бейнежазбасын Instagram желісінде жариялады

«Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар!

Менің әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын тыңдаушыларым Қазақ елі үшін қиын кезеңде гуманитарлық көмек жіберіп жатқандығы туралы ақпарат алдым. Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!», — деді ол бейнежазбада.

Айта кетейік, бейнежазба астында Димаштың шет елдегі жанкүйерлері қолдау пікірлерін білдіріп, ыстық лебіздерін қалдырған.


ПІКІР ЖАЗУ