Ресейдегі жағдай: 800 үйді су басты

0
26

Орынбор қаласында соңғы тәулікте тағы 800 үй мен 1,8 мың шаруашылық учаскесін су басқаны айтылды.

Осы уақытқа дейін қалада барлығы 3 мың үй мен 8 мың шаруашылық жер су астында қалған.

«Бір күннің ішінде 1800-ге жуық үй іргесіндегі жер мен 800-ге жуық үйді су басты, барлығы 8 мыңға жуық шаруашылық телімі мен 3 мыңға жуық үй бар», — деді Александр Сиса.

Қаладағы Донгузская және Уральская көшелерін су басуына байланысты тұрғындарды эвакуациялауға жол полициясы мен төтенше жағдайлар қызметінің көліктері жіберілген.

Одан бөлек, 183 адам уақытша орналастыру пунктеріне жеткізілген. Агенттік мәліметінше, Орынбордың Жайық өзені бөлігіндегі су Беляевская көшесіне жеткен, ондағы өткел жабылған.


ПІКІР ЖАЗУ