БҚО-да журналистердің су басқан аймақтарға кіруіне тыйым салынды

0
17

Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады.

Өңірдегі төтенше жағдай режиміне байланысты БАҚ өкілдерінің су басқан аймақтарға барып, белсенді жұмыс істеуі олардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Қауіпті аймақтарда құтқару және эвакуация жұмысын төтенше жағдай, полиция департаменттерінің, Ұлттық ұлан және Қарулы күштердің қызметкерлері жүргізіп жатыр.

«Бұл адамдар төтенше жағдай кезінде әрекет етуге үйренген, ал арнайы дайындықтан өтпеген жандарға мұндай жағдай өте қауіпті болуы мүмкін. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыздың қауіпсіздігі мақсатында ТЖ кезеңінде су басқан аумақтардың тәуекел аймағына кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидасына сәйкес ҚР әуе кеңістігінде төтенше жағдайлардан құтқаруға қатысты іс-қимыл жалғасып жатқан аудандардың маңында немесе ішінде дрон ұшыруға болмайды» деді БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД өкілі.

БАҚ-ты, блогерлерді фото және видеомен БҚО бойынша ТЖД баспасөз қызметі қамтамасыз етеді.

Облыста халықты және өзге де мүдделі тұлғаларды су тасқыны жөнінде ақпараттандыратын Batys TODAY ақпарат штабы жұмыс істеп тұр.

«Біз үшін азаматтарымыздың қауіпсіздігі бәрінен биік тұрады, сақ болыңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз» деп түйіндеді өкіл.


ПІКІР ЖАЗУ