1 қыркүйекте оқушы мұғаліміне пышақпен шабуыл жасады

01.09.2026 12:49 Мөлдір ҚАЙНАР
1 қыркүйекте оқушы мұғаліміне пышақпен шабуыл жасады
115
Фото: әлеуметтік желі

Ресейдің Канск қаласындағы №2 мектепте 1 қыркүйек мерекесі төтенше жағдайға байланысты өтпей қалды: 7-сынып оқушысы физика пәнінің мұғаліміне шабуыл жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушы қыз мектепке бұрыш баллоншасы мен пышақ алып келген. Ол сынып бөлмесінде мұғалімнің бетіне газ шашып, артынша пышақпен соққы жасауға тырысқан.

Шабуылдың бетін оқушылардың бірінің анасы дер кезінде қайтарып, шабуылдаушыны кабинеттен итеріп шығарған. Сондай-ақ куәгерлер қыздың жанында петардалар мен жанғыш сұйықтық құйылған бөтелке болғанын айтуда, қазір бұл мәлімет тексеріліп жатыр.

Газ баллоншасының салдарынан 7 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың бесеуі — балалар. Барлық зардап шеккендер травматологиялық пунктке жеткізілді.

Мектептегі салтанатты жиын тоқтатылып, оқиға орнына шұғыл қызметтер мен тәртіп сақшылары келді. Күдікті жасөспірім полиция тарапынан ұсталды. Оның бұл қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий