Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан кейін су тасқыны болды

Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан кейін су тасқыны болды

Таиландтың танымал Пхукет аралында нөсер жауын салдарынан су тасқыны орын алып, тұрғын үйлер, дүкендер мен автокөліктерге айтарлықтай зақым келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Табиғи апат 26 қазанда жергілікті уақытпен сағат 03:05 шамасында Патонг қаласының Нанай ауданында тіркелді. Түнде жауған толассыз жаңбырдан кейін Кхао 50 Пи төбесінен тас, топырақ пен батпақ араласқан су тасқыны төмен қарай аққан.

Негізгі зардап шеккен аймақтар:

  1. Залалдың басым бөлігі «Makro Nanai» сауда кешенінің маңына тиді.
  2. Су ағыны тұрғын үйлерді, жергілікті тұрғындардың мүлкі мен көліктерін бүлдірді. Көшелер мен тұрғын кварталдарда лай мен қоқыс үйінділері пайда болды.

26 қазан таңертең Пхукет провинциясының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының қызметкерлері жергілікті қызметтермен бірлесіп аймақты тазалау және қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

Су ресурстарын мониторингілеу жүйесінің мәліметінше, 24 сағат ішінде Бан На Яй ауданында 117 мм, Банг Неав Дам су қоймасы маңында 94,4 мм, Раваида 93,2 мм осадков түскен.

Бұған дейін аралдың Тхаланг, Мыанг Пхукет және Катху ауданында да су тасу фактілері тіркеліп, жолдарда көлік қозғалысы қиындаған.

Таиландтың Метеорологиялық департаменті елдің оңтүстігінде 28 қазанға дейін нөсер жауын сақталатынын ескертті. Ойпатты жерлерде және тау етектерінде су тасқыны мен көшкін жүру қаупі жоғары.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу