Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нәрестенің сүйегі сынуына қатысты түсініктеме берді

Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нәрестенің сүйегі сынуына қатысты түсініктеме берді
Ашық дереккөздерден

Павлодар облыстық перинаталдық орталығында шала туған нәрестенің ортан жілігі қалай сынғаны туралы ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Нәрестенің жақындары әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен арнайы тексеріс жүргізуді сұраған. Шала туған сәби тамыз айында бар болғаны 600 грамм салмақпен дүниеге келген. 23 қазанда дәрігерлер ата-анасына сәбидің тырысу (судороги) кезінде ортан жілігі сынғанын хабарлаған.

Нәрестенің туыстары бұл жағдайға күмән келтіріп, реанимация бөлімшесіне дәлел ретінде сәбидің жағдайын видеоға түсіру үшін ұялы телефон кіргізуге рұқсат берілмей жатқанын жеткізген.

Перинаталдық орталықтың өкілдері нәрестенің салмағы экстремалды төмен болып туғандықтан, мұндай пациенттерді күтіп-баптау өте күрделі әрі ұзақ процесс екенін түсіндірді.

Дәрігерлердің айтуынша:

  • Шала туған балаларда сүйек тіндерінің минералдануы төмендейтін остеопения патологиясы жиі кездеседі (шамамен 30-55% жағдайда). Бұл дерт кезінде тіпті аяқ-қолдың әдеттегі қозғалысы барысында да өздігінен (спонтанды) сүйек сынуы мүмкін.
  • Рентген суреті бойынша сүйектің алғашқы сүйек мозолі (регенерация) сатысында тұрғаны анықталды. Тіндердің тұрақтануы жүргендіктен, қазіргі уақытта арнайы хирургиялық немесе қосымша емдеу талап етілмейді.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу