12 жастағы оқушы сыныптасын қылқындырып өлтірді
Ресейдің Приморье өлкесінде 12 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның сыныптасы күдікті ретінде ұсталды., деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазір оны сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сараптама барысында оның психикалық жағдайы мен өз әрекетінің мәнін қаншалықты түсінгені анықталады.
Ресей Тергеу комитеті бұл факті бойынша «Адам өлтіру» және «Салғырттық» баптарымен екі қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ құқық қорғау органдары профилактика жүйесі қызметкерлерінің әрекеті мен әрекетсіздігіне де құқықтық баға беретінін мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, ұсталған жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұрмаған және қарапайым отбасында тәрбиеленген.
Еске салайық, 12 жастағы қыздың мәйіті Приморье өлкесіндегі үйлердің бірінің шатырынан табылған болатын. Тергеу жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар