"14 жастан рұқсат": кәмелетке толмағандардың үйленуіне жаңа ережелер әзірленіп жатыр

05.02.2026 10:32 Мөлдір Талғат
232
Фото: ашық дереккөз

Украинада кәмелетке толмағандардың некеге тұруына рұқсат беретін жағдайларды кеңейту жоспарланып отыр. Тиісті нормалар жаңа Азаматтық кодекс жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Politico.kz.

Жобаға сәйкес, некеге тұрудың жалпы жасы бұрынғыдай әйелдер мен ерлер үшін 18 жас болып қала береді. Алайда ерекше жағдайларда неке жасы төмендетілуі мүмкін.

Атап айтқанда, жаңа кодекстің 1478-бабында сот шешімімен 16 жастан бастап некеге тұруға рұқсат беру қарастырылған, егер бұл кәмелетке толмаған адамның мүддесіне сай деп танылса. Сонымен қатар, әйелдің жүкті болуы немесе бала дүниеге келген жағдайда сот 14 жастан бастап некеге тұруға келісім бере алады.

Бұл ретте ерте неке автоматты түрде тіркелмейді — әр жағдайда міндетті түрде сот шешімі қажет.

Қазіргі таңда Украина Отбасы кодексіне сәйкес неке 18 жастан бастап қиылады, ал соттың шешімімен 16 жастан бастап рұқсат етілуі мүмкін. Ал 14 жастан бастап некеге тұру қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.

Айта кетейік, жаңа Азаматтық кодекс жобасы әзірге қабылданған жоқ. Құжат 2026 жылдың 22 қаңтарында Украина Жоғарғы радасында тіркелген. Неке жасына қатысты түпкілікті шешім парламенттегі талқылаудан кейін қабылданады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий