19 жастағы мүгедек жігітті 15 жерден пышақтап өлтірген сарбаз сотталды

11.08.2025 17:44 Admin Admin
19 жастағы мүгедек жігітті 15 жерден пышақтап өлтірген сарбаз сотталды
0
680
Фото: әлеуметтік желі

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы 2-топтағы мүгедек жігітті 15 жерінен пышақтап өлтірген сарбаз 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап кеткен. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген екен. Көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әскери бөлімнің қызметкері ұсталды. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы қасақана адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 2 айға қамауға алынған еді. 

Нәтижесінде сот сарбаз Мурод Әбдіжәмиловті 15 жылға соттаған. Ал екінші күдікті Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий