2025 жылы көпбалалы отбасылардың салық жүктемесі төмендетілді
2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар үшін салықтық жеңілдіктердің жаңа ережелері енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жаңа нормаларға сәйкес, төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға салықтық шегерім беріледі. Бұл шегерім екі ата-анаға жиынтық түрде 282 АЕК-тен аспайтын көлемде қолданылады (2025 жылы – 1 108 824 теңге).
Салықтық шегерімнің екі тәртібі қарастырылған:
🔹 Бір ата-ана үшін ай сайын 23 АЕК (2025 жылы – 90 436 теңге);
🔹 Әр ата-ана үшін ай сайын 12 АЕК (2025 жылы – 47 184 теңге).
Бұл жеңілдікті пайдалану үшін салық төлеушінің 1 қаңтардағы жағдай бойынша төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар екенін растау қажет. Растау үшін туу туралы куәліктердің көшірмелері ұсынылады.
Жаңа норма көпбалалы отбасылардың қаржылық жүктемесін азайтып, оларға қосымша қолдау көрсетуге бағытталған.