«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтты айтты
Қазақстанда жыл басынан бері 24 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 33 мыңнан аса адам жарақат алып, 1 432 азамат көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ел ішіндегі қайғылы статистикаға назар аударған тележурналист әрбір санның артында орны толмас қасірет жатқанын жеткізді.
«Бұл жай ғана статистика емес. Әр санның артында адам тағдыры, әр қайғылы оқиғаның артында бір отбасының қасіреті тұр», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осыған байланысты Руслан Өтепбай зардап шеккен азаматтардың заңды сақтандыру төлемдерін қаншалықты алатынын білу үшін «Әділет» заң компаниясының мамандарымен жүздесті. Компания басшысы Асылхан Әлішерұлының айтуынша, елімізде жол апатына ұшыраған көптеген азаматтар сақтандыру ұйымдарынан тиісті өтемақыны өндіріп алуға құқылы екенінен бейхабар.
Кездесу барысында өтемақыны талап ету тәртібі, уақыт мерзімінің маңыздылығы және жәбірленушінің өз құқығын қорғау тетіктері жан-жақты талқыланды.
Журналист жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен отандастарды заң аясындағы құқықтарын қорғауға шақырып, қажет болған жағдайда білікті заңгерлерден кеңес алуға үндеді.
Соңғы жаңалықтар