2027 жылдың соңына дейін 3 мың ауыл сапалы байланыспен қамтамасыз етіледі

04.03.2026 15:49 Әсел Мұрат
2027 жылдың соңына дейін 3 мың ауыл сапалы байланыспен қамтамасыз етіледі
46
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мусин Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындылары жөнінде баяндады.

Мусиннің айтуынша, бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсетеді.

Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.

Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.

 «Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. Бұл жоба Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ.

Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. 

Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Президент шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды. 

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий