40 мың қазақстандық онлайн қызметті пайдаланып, құмар ойыннан бас тартты
Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда 36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн өтініш берсе, 3398 адам өзін шектеуге жазбаша өтініш жазған.
Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі осы қызметті ілгерілету үшін әлеуметтік жарнама науқанын жүргізіп жатыр.
Еліміздің 10 өңірінде 200-ден астам баннер мен билборд ілінді.
Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының цифрлы кеңселері мен теміржол вокзалдарында жарнамалық конструкцияларға тақырыптық баннерлер орналастырылған.
Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өз бетінше өтініш беруге тиіс.
Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш бере алады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
12:35
Меладзенің Алматыдағы концертінде жанжал шығарғ...
07.11.2026
11:36
«Бір жыл өтті, жауап жоқ»: Астанада анасы отада...
07.11.2026
10:16
“Баламның өліміне кім кінәлі?”: Алматыда 14 жас...
07.11.2026
09:18
«26 рет пышақ сұққан»: Қарағанды облысында әйел...
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...