7 трлн теңге шетелге шығарылған: Сүлейменов не дейді?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 7 триллион теңгеден астам ақша аудару дерегіне де қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сүлейменовтің айтуынша, қазір бұл іс бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қосымша мәліметтер тексеріс аяқталғаннан кейін белгілі болады.
«Бұған дейін айтқанымыздай, тексеріс жүріп жатыр. Қосымша мәліметтер тексеру аяқталған соң белгілі болады. Тексерісті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізіп жатыр, оған Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігі де қатысады. Сондықтан тексеру туралы барлық ресми құжаттар тексеру жүргізу, оның мерзімін ұзарту жөніндегі хабарламалар осы агенттіктің атынан рәсімделеді. Сол себепті бұл мәселе бойынша нақты мәліметті солардан сұраған дұрыс», – деді Сүлейменов.
Ол тексеру аяқталмай қандай да бір пікір білдіре алмайтынын айтты.
Еске сала кетейік,бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазақстандық банктердің бірі 2025 жылы көрші мемлекеттен келген 7 трлн теңгеден астам қаржыны шетелге аударғанын айтқан.
Кейіннен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 7 трлн теңге мәселесіне қатысты түсініктеме бергеннен кейін қызметінен кетті.
Ақорда оның өз өтініші бойынша қызметтен кеткенін хабарлады.
Последние новости