Ақорда Ұлттық банктің «7 трлн теңге» туралы мәлімдемесіне жауап берді

20.02.2026 15:30 Әсел Мұрат
Ақорда Ұлттық банктің «7 трлн теңге» туралы мәлімдемесіне жауап берді
145
Фото: Максим Золотухин

Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қазақстандық банк арқылы 7 трлн теңгенің «елден шығарылғаны» туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Смадияровтың айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған ақпарат таратпайды. 

«Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар (қаражат аудару) болғанын айтса, демек, солай болған. Негізі бұл ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңеске қатысушыларға арналған болатын. Мұны жалпы жұртшылықтың талқылауына салу ойында болмаған. Яғни, тек қызметтік сипатта айтылды деген дұрыс. Ал транзакцияларды өткізген банк әңгіменің қай банк жайында екенін біліп отыр”, — деді ол.

Сонымен қатар, Смадияровт президент әдейі банк атауын, ақша қай елден келгенін және қай елге кеткенін атамаған. Бұл шешім саяси және дипломатиялық себептермен қабылданған.

Санкциялық режим белең алып тұрған жағдайда осындай әрекетке барған қай банк екенін де әдейі айтылмады, дейді Смадияров.

Еске салсақ, 28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы қазақстандық банктердің біреуі шетелге 7 трлн теңгеден астам қаражат аударғанын айтып, оны «сорақы жағдай» деп атады. Ол реттеуші органдарға заңсыз қаржы операцияларын бақылауды күшейтуді тапсырған.

Күні кеше Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов президент айтқан мәліметтердің мәнін басқаша түсіндірген еді. Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге заңсыз шығарылған ақша емес, бұл жай ғана банктегі жалпы ақша айналымы болуы мүмкін екенін айтты. Ол мысал ретінде: екі адам күн сайын бір-біріне ақша аударса, бір жылдың ішінде үлкен сома жиналатынын келтірді.

Оның сөзінше, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тексеріс жүргізіп жатыр, алайда әзірге заңбұзушылықтың айқын белгілері анықталмаған.
Шолпанқұлов әңгіме қай банк туралы болып отырғанын айтпады. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий