Абай облысында халық әкімдікке кіре алмай наразылық білдірді

Абай облысында халық әкімдікке кіре алмай наразылық білдірді
01.08.2025 09:00
0
277
Сурет: Бейнеден кадр
Абай облысында халық әкімдікке кіре алмай наразылық білдіруде, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бірнеше әйелдің Абай облысы әкімдігінің ғимаратына кіре алмай тұрған сәті көрініс тапты. Кадрда полицейлер оларды ішке өткізбей жатқанын байқауға болады.

Видеоны түсірген тұрғындардың айтуынша, олар баспана мәселесіне, атаулы әлеуметтік көмек пен гранттардың әділ бөлінуіне алаңдаулы. Наразы топ шенеуніктер өз таныстарын тартпай, заң аясында шешім қабылдауы керек деген талап қойып отыр.

Айтуларынша, баспанаға қатысты жауапкершілік жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен Отбасы банкке берілген. Алайда банкте кезекте тұрған адамның нақты ретін көруге мүмкіндік бермейтінін айтады. Банкте тек қана ипотекалық бағдарламалар арқылы үй беріліп жатқаны, ал кезекпен үй беру тоқтатылғанына наразы. Кезекпен берілуі тиіс тұрғын үйлер әлі салынбаған көрінеді. 

Олардың сөзінше, аталған мәселе бойынша әкімдікке тапсырма берілгенімен, оны орындау кешіктіріліп жатыр. Бұған дейін видео авторы Астанадағы министрліктерге де барғанын, енді облыс әкімдігі алдында талаптарын айтып жүргенін айтады. Олар Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кездесуді талап етіп отыр.

 

@kima_1991

Таңғы 7-ден, кешкі 7-ге дейін Абай облыс әкімдігі жабық. Әкімдік не үшін керек

♬ оригинальный звук - Кымбат❤💞🌹
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий