Щучинскіде кафеде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті

19.04.2026 09:58 Қарақат АСЫЛОВА
Щучинскіде кафеде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті
254
“Центр пловадағы” қайғылы оқиға: құрбандар саны артты

Щучинск қаласындағы “Центр плова” кафесінде болған жарылыс пен өрт салдарынан көз жұмғандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Соңғы мәліметке сәйкес, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ем алып жатқан тағы бір зардап шегуші қайтыс болған.

Бурабай ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Оның ішінде жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру жұмыстары да бар. Бұл іске “Центр плова” кафесі мен жергілікті әкімдік бірлесіп атсалысып жатыр.

Еске сала кетейік, 26-нан 27 ақпанға қараған түні Щучинскідегі кафеде газ баллоны жарылып, артынан өрт шыққан. Алғашында 6 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін бұл көрсеткіш 9-ға, одан соң 11-ге жетті. Соңғы қайғылы жағдайдан кейін қаза болғандар саны 12-ге көбейді.

Жарылыс кезінде зардап шеккен бірнеше адам ауыр халде Астанаға жеткізіліп, ем қабылдаған болатын. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кафе иесі ұсталды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий