Абай облысында мектеп директоры 23 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Абай облысында мектеп директоры 23 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды
12.09.2025 11:08
0
144
Фото: inbusiness.kz

Абай облысында «Damu Bala» бағдарламасы арқылы балалардың шығармашылығына бөлінген 23 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті хабарлады, деп жазды POLITICO.KZ.

Тергеу материалдарына сәйкес, «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры балаларға арналған шығармашылық және спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын пайдаланған. Ол сабаққа қатыспайтын балаларды тізімге қосып, олар туралы жалған мәліметтер ұсынып отырған.

Осы шындыққа жанаспайтын ай сайынғы есептердің негізінде уәкілетті орган жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік ақша аударып келген. Тізімдегі кейбір балалардың бұл бағдарламаға тіркелгенінен мүлдем бейхабар болғаны да анықталды.

Мәселен, тергеу барысында Алматы облысында тұратын бір баланың ешқандай үйірмеге қатыспаса да, Абай облысындағы бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркеліп келгені белгілі болды.

Тергеу кезінде мемлекетке келтірілген 23 миллион теңге көлеміндегі залал толығымен өтелді.

Сот үкімімен мектеп директоры кінәлі деп танылып, оған 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий