Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
648
Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Еңбек жолы:
- 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
- 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы;
- 2004 жылы Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы болды;
- 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары;
- 2005-2006 жылдары – Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары;
- 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры;
- 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
- 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2014-2019 жылдары –Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
- 2019-2020 жылдары – Р Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
- 2020-2022 жылдары –Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
- 2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.
Соңғы жаңалықтар
03.06.2026
10:32
"Мәлімдеме қате болды": Депутат "Штрафстан" тур...
03.06.2026
10:20
Шымкентте әкімдіктің жүк көлігі 11 жастағы бала...
03.06.2026
10:09
Оралда түрме бастығының орынбасары ұсталды
03.06.2026
09:34
Қазақмыс «Итауыз» және «Жомарт» кеніштерінде же...
03.06.2026
09:07
Шавкат Рахмонов пен әйелі туралы қуанышты жаңал...
03.06.2026
09:04
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кетпек...