"Айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз": Қоянбаевқа қарбызды тегін берген әйел жұртты күлкіге қарқ қылды
682
Қазақстандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын күлдірді. Өнер иесі қарбызды өзіне тегін берген әйелдің әрекетіне қатты таңғалып қалған.
Нұрлан Қоянбаев елдің қызу талқысын тудырған бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актердің қарбыз сатып алайын деп жатқанын көруге болады. Алайда бағасын сұрағанда келіншек оған тегін беретінін айтқан.
Өнер иесі қатты таңғалып, әйелден не себепті тегін беріп жатқанын сұрайды.
"Сізге тегін. Сіз айлықсыз жұмыс істеп жатырсыз ғой. Сондықтан ала беріңіз", - деді сатушы.
Желі қолданушылары бұл видеоны бірден қызу талқылап, кейбірі тоқтамай күлгенін жазды.
"Сіз айлық ала саласыз-ау. Әйтпесе көшере қайыршы қылып жібереді", "Осындай қарапайымдылыққа не жетсін?", "Жарайсың Нұрлан, еліме қызмет жасаймын деген ниетіңнен", "Елдің бәрі айлық алмайтыныңызды біліп алыпты", "Өте күлкілі видео", "Қатта күлдік. Тоқтай алмай жатырмыз", "Мына әзіл бізге өтті", - деп жазуда көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
19.07.2026
15:21
Қазақстандық Дастан Сатпаев «Челси» сапында алғ...
19.07.2026
14:09
«Балаларды өлтіремін»: Ақтауда ажыраспақ болған...
19.07.2026
13:14
Алакөлде тағы бір қайғылы оқиға: 69 жастағы әйе...
19.07.2026
12:33
«Сенерім де, сүйенерім де бір Алла»: Нұрғали Нү...
19.07.2026
11:41
Алакөлдегі қайғылы оқиға: Екі гидроцикл соқтығы...
19.07.2026
11:33
Ұлытау жұртшылығы Қазақмыс ұйымдастырған думанд...