"Қалыңдықпын": актриса Әлия Әнуарбек күйеуінің қазасынан кейінгі жаңа қарым-қатынасы жайлы айтты

21.10.2025 10:00
0
296
Ашық дереккөз

Белгілі актриса Әлия Әнуарбек MOM’sкий подкастының сұхбатында өміріндегі соңғы өзгерістер туралы ашық әңгімеледі.

Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Ільясова актрисадан:

«Соңғы бес жылда сенде жаңа жұмыс, жаңа фильм, бас кейіпкер рөлі және жаңа өмір кезеңі басталды. Түсірілім кезінде сырға салу рәсімі өтті. Естуімізше, ол саған ұсыныс жасаған екен», — деп сұрады.

Алия бұл сәтті қуанышпен еске алып:

«Иә, ол маған ұсыныс жасады. Енді мен қалыңдықпын», — деп растады.

Актриса атап өткендей, «Бақыт құшағында» фильмі оның шығармашылық жолындағы маңызды белеске айналды. Бұл туынды тек кәсіби тұрғыдан жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, жеке өмірінде де тың серпіліс әкелген. Түсірілім барысы эмоцияға, әріптестердің қолдауына және шығармашылық рухқа толы болған.

Алияның айтуынша, басты рөл оған актриса ретіндегі жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беріп, көрерменге өзінің шынайы талантын көрсетуге жол ашқан.

Айта кетейік, бес жыл бұрын Әлия жесір атанған болатын. Азамат есімді жұбайымен алты жыл отасқан олар 2016 және 2019 жылдары екі қызды өмірге әкелген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий