Күйеуі қатерлі ісіктен көз жұмған Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығады

Танымал актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын ресми жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өнер иесі “Бақыт құшағында” атты мюзикл-спектаклін көрермен назарына ұсынған еді. Сөзінше, сюжеті жеке өмірінен алынған.
“Жеке өмірімде қарым-қатынас құрғаным рас. “Бақыт құшағында” сырға салу, құда түсу деген дәстүрлерді көрсеттік. Сол жеке өмірімде де болды. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Қазір қалыңдық атандым. Арқа сүйейтін азаматты жолықтырдым. Ұсыныс жасалды”, – деді актриса.
Айта кетейік, актрисаның бірінші жолдасы қатерлі ісіктен көз жұмғанын жазып едік.
2019 жылдың соңында Әлияның жұбайы өзін нашар сезінген. Азамат тексерілген, сол кезде онкомаркерлердің жоғарылағанын білген. МРТ-дан, биопсиядан өткен соң өт жолдарының қатерлі ісігі бар екені анықталған. Актрисаның айтуынша, 2020 жылдың ақпан айында Германияда күйеуінің бауырының шамамен 80 пайызын алып тастаған. Операциядан кейін Азамат тез қалпына келген, рак клеткалары кеткен
Соңғы жаңалықтар





