Алматы әуежайында ерлік жасаған адам Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты

Алматы әуежайында ерлік жасаған адам Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты
07.03.2025 16:42
0
112
видео скриншот

Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды деген күдіктінің қолынан суық қаруын суырып алып, батылдық танытқан ер адамның кім екені белгілі болды. "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов батыл қимылдаған жігіт туысы екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз - ерлік! ...Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібісіне таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік, - деді ол.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий