Алматы облысында мектепте оқушы мұғалімді ұрып тастады (ВИДЕО)

12.05.2026 12:39 Әсел Мұрат
Алматы облысында мектепте оқушы мұғалімді ұрып тастады (ВИДЕО)
474
Фото: видеодан скрин

Алматы облысы Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мұғалімді сабап тастаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған видеодан мектеп дәлізінде мұғалім мен оқушының ерегесіп тұрғанын көруге болады. 

Кенеттен жасөспірім ұстазға шабуыл жасап, ұра бастайды.

Алматы облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайы туралы айтты.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған оқушының ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтар күні сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындап, оның барысында мұғалімге дене жарақаттары келтірілген. Қазіргі уақытта жасөспірім полицияға жеткізілді», - деп хабарлады полициядағылар.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий