Алматыда 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Алматыда 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді
05.09.2025 15:44
0
107
ҰҚК Алматыда рекордтық көлемде кокаин тәркіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде Алматы қаласында Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешенді іс-шаралар барысында жалпы салмағы 13 тонна 183 килограмм болатын есірткі заты алынған.

Анықталғандай, ірі есірткі партиясы Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге транзитпен жөнелтілмек болған.

Есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттың жария етілмейтінін хабарлады.

Сурет: ҰҚК

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий