Алматыда көпірден автобус құлап, көлік кептелісі бірнеше шақырымға жетті
893
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең көпірінен автобус құлап кетті.
Жол апаты 12 қыркүйекте түнгі сағат 22:00 шамасында болған. Жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді.
Облыстық полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.
12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тасжолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Берік Дәкиев.Қазір автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жол апаты салдарынан кептелісте тұрған көлік саны бірнеше шақырымға жетті. Тоқтап тұрған көліктерді полиция тек 2 сағаттан кейін жолдан өткізе бастады.
Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
09:23
Трамп Қазақстанға келе ме – АҚШ консулы жауап б...
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...