Алматыда танымал блогерлер бопсалаумен ұсталды
Алматыда танымал блогер мен кәсіпкер 8 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Алматыда Дамир Құшеев пен Руслан Кәрімов 8 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Полиция мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компрометтеуші материалдарды жариялаймыз деп қорқытып, 8 миллион теңге талап еткен. Сонымен қатар, олар жәбірленушіні сот шешімімен төлеуге тиіс 20 миллион теңгеден бас тартуға мәжбүрлемек болған.
"Күдіктілер 10 миллион теңгені алу кезінде ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды," – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
18:08
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында р...
01.11.2026
17:34
Қазақстан шекарасынан өту қиындай ма? Шетелдікт...
01.11.2026
16:34
Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады...
01.11.2026
15:37
Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындары...
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...