Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады: Полиция қылмыстық іс қозғады

Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады: Полиция қылмыстық іс қозғады
Видеодан кадр

Ақтауда балалар ауруханасындағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам кезекшілікте болған екі дәрігерге – балалар хирургі мен онкологқа шабуыл жасаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға баланың әкесі медициналық қызметкерлердің балаға көрсеткен қарым-қатынасы мен емдеу сапасына көңілі толмауы себеп болған.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, полицияның ресми түсініктемесінде шабуылға ұшыраған медицина қызметкері бір адам деп көрсетілген. Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратта екі дәрігер туралы айтылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу