«Алматыда түрмеде екі адам өз-өзіне қол жұмсады»: ҚАЖК мән-жайды түсіндірді
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматыдағы колониялардың бірінде екі сотталғанның қаза болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін EGOV.PRESS Telegram-арнасында екі сотталушының қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған еді.
«Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде екі сотталушының бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсағаны жазылуда», – делінген жазбада.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тілшімізге бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Алматыдағы мекемелерде екі сотталушыныцң суицид жасағаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Алматы қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жалпы жүйе секілді штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты», – деп хабарлады ҚАЖК тілшімізге.
Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, азаматтарды тек ресми әрі сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар