Алматыда жүргізушінің рөлде жүрегі тоқтап қалып, бірнеше көлікке соғылды
Алматыда жеңіл автокөлік тізгіндеген жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі тоқтап, соның салдарынан бес көлік соқтығысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.
1975 жылы туған жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кенет жағдайы нашарлап, өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікке — Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong автобусына соғылған.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қозғалыс барысында өзін жайсыз сезінген. Болжамды диагноз — жүрек жеткіліксіздігі. Жүргізушінің қаза тапқаны оқиға орнында белгілі болды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...