Алматыдағы №215 мектеп тек қазақ тілді болатын болды

Алматыдағы №215 мектеп тек қазақ тілді болатын болды
01.09.2025 16:35
0
472
Коллаж: POLITICO.KZ

Алматыдағы №215 мектеп тек қазақ тілінде білім беретін болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Алматы қаласындағы №215 мектеп жаңа оқу жылын таза қазақ тілінде білім беретін оқу орны ретінде бастады. 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылып, мектеп ресми түрде қазақ мектебі мәртебесін алды.

Бұл жаңалықты қоғам белсендісі Аида Бұқаева әлеуметтік желіде бөлісті. Бұқаева бұл іске атсалысқан ата-аналарға, зиялы қауым өкілдеріне және барынша қолдау көрсеткен жұртшылыққа алғысын білдірді. Оның айтуынша, биылдың өзінде тоғыз қазақ тілді бірінші сынып ашылып, 2000-ға жуық бала ана тілінде білім алуға мүмкіндік алды.

"Ал ,жақсыларым, сүйінші!!! Елдің назары түскен Алматы қаласындағы 215 - мектеп таза қазақша болды!!!", – деп жазды Бұқаева.

Сондай-ақ, Аида Бұқаева Дархан Ардақұлының түрмеден жолдаған сәлемін де жария етті.

Айта кетейік, бұған дейін Бостандық ауданында орналасқан аталған мектепте жаңа оқу жылынан бастап орыс сыныптарын ашу жоспарланған болатын. Бұл шешім бұрын тек қазақ тілінде білім беріп келген мектептің ата-аналары тарапынан наразылық тудырған еді. Ата-аналар жақын маңда орыс тілінде білім беретін бірнеше мектептің бар екенін алға тартып, балаларының таза қазақтілді ортада білім алуын талап еткен. Олар өз қарсылықтарын әлеуметтік желілер арқылы білдіріп, бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырған болатын. Аталған мәселені көтерген мұғалімдердің бірі Дархан Ардақұлы 15 тәулікке қамауға алынған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий