Алматыдан Ташкент пен Самарқандқа жаңа туристік пойыз жолға шықты

Алматыдан Ташкент пен Самарқандқа жаңа туристік пойыз жолға шықты
11.12.2024 12:01
0
108
kazgazeta.kz
Алматыдан Өзбекстанның тарихи жерлеріне пойызбен саяхат

Қазақстанда Алматыдан Ташкент пен Самарқандқа дейінгі жаңа туристік пойыз жолға шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ұлттық тасымалдаушы КТЖ Jibek Zholy 2.0 туристік пойызының іске қосылғанын мәлімдеді. Саяхат 2025 жылдың 2 қаңтарынан 7 қаңтарына дейін жалғасады және Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи жерлерін қамтиды.

Бағыт:
– Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы.

Түркістанда:
Туристер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Арыстанбаб кесенесін, Отырар мұражайын және басқа да тарихи орындарды аралайды.

Ташкентте:
Хазрет Имам кешені, Барақ хан медресесі, Абу Бакр Каффали Шаши кесенесі және Мagic сity тақырыптық паркіне экскурсия жасалады.

Самарқандта:
Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі, Регистан алаңы мен Улуғбек, Шердор және Тилла-Кари медреселері бар бағдарлама ұсынылады.

Турпакеттер туристік агенттіктерде сатылады. Қосымша ақпарат алу үшін WhatsApp нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (701) 204-34-39, +7 (775) 942-94-95.

Туристік пакетке пойыздағы жайлы орын, кәсіби гидтердің қызметі, экскурсиялар мен трансферлер кіреді.

Ақпарат bes.media сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или