Алматының жаңа әкімі келе сала тұрғындарға үндеу жасады

  Алматының жаңа әкімі келе сала тұрғындарға үндеу жасады
27.05.2025 10:14
0
293
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды қаланы көркейтуде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Instagram парақшасында алғашқы жұмыс күнінде Мемлекет басшысы қабылдағанын жазды. Президент қала дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жақсарту және экологиялық мәселелерді шешу.

«Алматылықтардың әл-ауқаты мен жайлы өмірі үшін адал әрі жанашырлықпен еңбек етіп, қаламыздың гүлденуіне бар күшімді салу — мен үшін үлкен мәртебе. Құрметті алматылықтар, тізе қосып еңбек етсек, Алматыны одан әрі көркейте аламыз деп сенемін», — деп жазды Дархан Сатыбалды.

Шаһар басшысының айтуынша, әкімдіктің басты міндеті — әрбір алматылықтың мүддесіне сай қаланың түйткілді мәселелерін шешу. Бұған дейін жарияланған бастамаларды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігер жұмсалмақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий