"Алтын адам": депутат Ермұрат Бапи қаралы хабарды жеткізді

29.04.2026 16:06 Арман Ермеков
676
Бақыт Түменова дүниеден өтті. Фото: facebook.com/ermurat.bapi

Қазақстандық танымал қоғам қайраткері, саясаткер әрі денсаулық сақтау саласының сарапшысы Бақыт Түменова қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи хабарлады.

«Бақыт апай Түменова қайтыс болды деген хабар жетті!.. Жаратқан алдынан жарылқасын!

Азататтық танымдағы ұстанымы тастай берік адам еді... «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ДВК) қозғалысы алғаш құрылған күннен бастап, Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметін тастап, оппозициялық қозғалысқа қосылды. Бұған дейін Семей облыстық әкімшілігінде аппарат басшысы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды», – деді Ермұрат Бапи.

Бақыт Ниязбекқызы 1948 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 

«2001 жылдан бастап, алғашқы ДВК тараған уақытқа дейін (2003) қозғалыстың ұйымдастыру саласына жетекшілік етті. 2003 - 2007 жылдары «Алға» және «Алға, ДВК» партиясының аппаратын басқарды, төралқа мүшесі болды.

Ақыры, тіркемейтін болған соң, паотия құру ұйымы тарқады. Бақыт Ниязбекқызы сонда да тәуелсіз және азаматтық бағытынан айнымай «Аман-саулық» мемлекеттік емес ұйымын құрды. Міне, өмірінің соңына дейін, 19 жыл бойы осы «НПО»-ға жетекшілік етті!

Иманың саламат болсын, Алтын Адам! Жарқын бейнеңіз жүрегіміз соңғы соғысына дейін сақталады!», – дейді депутат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий