Аналарға үлкен қолдау: Тоқаев маңызды өзгерісті жариялады

07.03.2026 13:12 Қарақат АСЫЛОВА
Аналарға үлкен қолдау: Тоқаев маңызды өзгерісті жариялады
290
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде отбасы институтын және аналарды қорғау шаралары күшейтіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанда әлеуметтік саясат әрдайым азаматтарды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет ең алдымен көмекке шын мұқтаж адамдарға нақты әрі тиімді қолдау көрсетуді басты қағида ретінде ұстанады.

Президенттің сөзінше, Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бала дүниеге келген сәттен бастап беріледі. Сонымен қатар декреттік жәрдемақы бір жарым жасқа дейін төленеді. Ал көптеген дамыған елдерде әйелдер босанғаннан кейін екі-үш айдан соң жұмысқа шығуға мәжбүр.

«Қазақстанда жас аналар үш жылға дейін баласымен үйде отырып, оны тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Бұл кезеңде олардың жұмыс орны сақталады және декреттік демалыс еңбек өтіліне қосылады», – деді Токаев.

Мемлекет басшысы ана мен баланы қолдау мәселесіне әрдайым ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт Президент қызметіндегі басым міндеттердің бірі болып қала береді.

Сонымен қатар Президент елімізде отбасы институтын нығайту үшін заңнамалық және институционалдық шаралар қабылданғанын айтты. Енді Конституция деңгейінде неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы екені нақты бекітіледі.

Бұл норма балалардың құқықтарын қорғауға, әйел мен ананың отбасындағы мәртебесін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ жаңа конституциялық өзгерістер қыздарды мәжбүрлі түрде тұрмысқа беру сияқты келеңсіз құбылыстарға заңдық тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий