«Анашым, мені ұрмашы»: Алматыдан табылған хаттар жұртты алаңдатты

22.06.2026 12:32 Мөлдір ҚАЙНАР
«Анашым, мені ұрмашы»: Алматыдан табылған хаттар жұртты алаңдатты
402
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған балалардың жазбалары кеңінен таралып жатыр., деп хабарлайды Politico.kz.

Белгілі болғандай, жаңа жалға алған бөлмені тазалап жүрген тұрғын жиһаздың арасынан және еденнің астынан балалардың қолымен жазылған бірнеше қағаз тауып алған. Ондағы жазбалар желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.

Хаттардың бірінде бала анасынан өзін ұрмауын өтініп, былай деп жазған:

«Анашым, мен сені жақсы көремін. Өтінемін, мені ұрмашы. Сен өте әдемісің, мен сені қатты жақсы көремін. Анашым, балаларды ұруға болмайды ғой».

Ал екінші хатта баланың жанайқайы одан сайын анық сезіледі.

«Анашым, өтінемін, мені ұрмашы. Маған қатты ауырып жатыр. Енді өзгере­мін. Сені жақсы көремін. Өтінемін, сабыр сақташы».

Қазіргі уақытта бұл хаттардың нақты қай кезде және кім тарапынан жазылғаны белгісіз. Сондай-ақ бөлмені бұрын кімнің жалдап тұрғаны немесе оқиғаның Алматының қай ауданында болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.

Соған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, құқық қорғау органдары мен ювеналды полицияны тексеру жүргізуге шақыруда. Олар бұрынғы пәтер жалдаушыларын анықтап, хаттарды жазған баланың қазіргі жағдайын тексеруді сұрап отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий