Ангар маньягы тағы екі кісіні өлтіргенін мойындады — құрбандар саны 92-ге жетті

Бұрынғы полиция қызметкері Михаил Попков тағы екі кісі өлтіргенін мойындады. Ол 2008 жылы Ангарскідегі зауытта екі қызды тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл оқиға 2008 жылы ангар электромеханикалық зауытының жанында болған. Содан кейін олардың денелері М-53 трассасының жанындағы орманнан табылды. Бірақ оларды кім өлтіргенін анықтау мүмкін болмады.
Арада жылдар өтіп, ол қылмысты Попков жасағаны анықталды. Ол көлігімен әйелдерге жақындап, оларға қырыңдаған. Бірақ әңгіме ойдағыдай болмай, ол екеуін де өлтіреді. Ол сотта өзінің кінәсін растады.
Попковтың бұрынғы қылмыстарының бәрі ашылуда. Ол 14 жыл бұрын Ангарскідегі су сорғы станциясының жанында Татьяна есімді әйелді балталап өлтірген.
Тергеушілердің айтуынша, Попков өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болғандықтан, бүкіл қылмысын өзі айтып беріп жатқан көрінеді.
Соңғы жаңалықтар





