Әнші Бүркіт ата-анасын Дубайға жіберді

Әнші Бүркіт ата-анасын Дубайға жіберді
18.03.2025 17:35
0
24
Фото: видео скриншот

Әнші Instagram желісінде ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсетті. Олар теңіз жағасында күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Биыл әкемнің туған күнінің қарсаңында (88 жас) ата-анамызды тойдың орнына Дубайда он шақты күн демалып келсін деп шештік. Сөйтіп, ұшаққа отырғыздық та, шетелге бес жұлдызды қонақ үйге жібердік. Қазір ораза айында ауа райы ол жақта өте жақсы. Ол жақтан ағам қарсы алды. Жақсы бір демалыс болсын дедік. Дубайға бармағалы бес жылдай болыпты. Содан бал айы тәрізді, екі кісі кетті сонда. Ағам тамаққа апарып тұрды, шомылдырды, әйтеуір жақсылап тұрып қарады енді. Тіл білмеген соң қиын ғой. Екі кісі бізсіз жақсылап тұрып демалды десек артық айтпаспын. Ата-анамыз барда, біз бақытты жанбыз",  –деп жазды Бүркіт.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий