Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кету үшін өтемақы ұсынды

Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кету үшін өтемақы ұсынды
Ашық дереккөздерден

Америкалық «Microsoft» корпорациясы шығындарды оңтайландыру және жасанды интеллект саласына құйылатын инвестицияларды көбейту мақсатында 60 мыңға жуық қызметкеріне қаржылай өтемақы төлеу арқылы өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды. Бұл компанияның жалпы штатының төрттен бір бөлігінен астамын (27%) құрайды, деп хабарлайды Politico.kz.

Корпорация «Voluntary Exit Offer» (өз еркімен шығу ұсынысы) бағдарламасының басталғанын ресми түрде жариялады. :

Бағдарлама АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Үндістандағы кейбір бөлімшелерді қамтиды. 

Ұсыныс Windows, Xbox, Copilot, ЖИ-әзірлемелері және қаржы департаменттеріне бағытталған. Сонымен бірге, бағдарламаға басшылық құрамның (70-деңгейге дейінгі жетекшілер) өкілдері де қатыса алады. Алайда деректер орталығы, сату және маркетинг бөлімдерінің мамандары бұл тізімнен тыс қалды. 

Қаржылай өтемақының мөлшері қызметкердің лауазымына, жұмыс өтіліне және орналасқан елінің заңнамасына байланысты есептеледі. Бірқатар жағдайларда төлем көлемі бірнеше айлық жалақыны құрайды. Сонымен қатар, медициналық сақтандыруды сақтау және басқа жұмысқа орналасуға көмектесу шаралары қарастырылған.

Қызметкерлер бұл ұсынысты қабылдау бойынша шешімді желтоқсан айының басына дейін қабылдауы тиіс. Ал келісім берген мамандар жыл соңына дейін компаниядан кетеді. 

Компания өкілдерінің атап өтуінше, бұл 60 мың адамды жаппай және мәжбүрлі түрде жұмыстан босатуды білдірмейді. Корпорация тек арнайы тиімді шарттар арқылы өз еркімен кеткісі келетін қызметкерлерге мүмкіндік беріп отыр. Осы бағдарламаны қанша маманның пайдаланатыны әлі белгісіз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу