Әнші Димаш Құдайберген маңызды үндеу жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыдағы ұмытылмас кеш пен жылы қабылдау үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты. Сонымен қатар, ол Барселонада өтетін концертін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Димаш Instagram парақшасында жазба жариялап, Алматыдағы жанкүйерлеріне шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол фан-кездесуден видео жүктеп, жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берген сәттерімен бөлісті.
«Қымбатты Dears, ұмытылмас кеш үшін алғысым шексіз! Алматы, жылы қабылдауыңа рахмет! Жақын арада Барселонада кездескенше!» – деп жазды ол.
«Осындай керемет кештің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын! Браво, Димаш!» – деп пікір қалдырды Зарина Алтынбаева.
Жанкүйерлер де әсерлерімен бөлісті:
«Бұл таңғажайып кеш болды! Бір сахнада қаншама талант жиналды!», «Бақытты бол! Сәттілік! Алматыдағы керемет кеш үшін рахмет», «Лондонда және Берлинде кездескенше, Димаш. Грекиядан сүйіспеншілікпен» – деп жазды олар.
Соңғы жаңалықтар





