Антикор Баянауылда заңсыз салынып жатқан коттедждер қалашығының құрылысын тоқтатты
Аталған жер учаскесін Баянауыл кентінің әкімдігі 2019 жылы аукционға қойып, жеке тұлғаға бес жарым жылға уақытша пайдалануға сатқан. Алайда жер пайдаланушыда құрылысқа рұқсат беретін құжаттар болмай шықты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Павлодар облысы бойынша департаментінің волонтерлері Баянауыл ұлттық паркіне жақын маңда заңсыз салынып жатқан құрылысты анықтады. Жеке тұлға бұл жерде коттедждер қалашығын тұрғызуды жоспарлаған.
Баянауыл аудандық экономиканың нақты секторы бөліміне аталған құрылысты тоқтату туралы хабарлама жіберілген. Ал аудандық жер қатынастары бөлімі жер учаскесін жалға алу шартын бұзу бойынша жұмыстарды бастап кетті. Аталған аумақ кент тұрғындары серуен құратын, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізетін жер болған.«Мониторинг жүргізу барысында Баянауыл кентінде аумағы 0,4 гектар жерде коттедждер құрылысы жүріп жатқаны анықталды. Жергілікті әкімдіктің ақпаратынша, бұл жер учаскесі 2019 жылы аукционға қойылып, жеке тұлғаға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен бес жарым жылға сатылған. Алайда жер пайдаланушы коттедждер құрылысын бастауға рұқсат беретін құжаттар бойынша жергілікті өкілетті мемлекеттік органның келісімін алмаған», деп хабарлады өңірлік антикор қызметінен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
13:57
Екі ұлының көзінше өлтірілген Санияның ісі сотқ...
28.10.2026
13:52
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші с...
28.10.2026
12:50
«Той күні құрбысы қаза тапты»: Жанболат Найзабе...
28.10.2026
12:30
Тоқаев Үкіметке кәсіпкерлерді тыңдауды тапсырды
28.10.2026
12:24
Президент жалақының ең төменгі мөлшерін 110 мың...
28.10.2026
12:18
Тоқаев көлік жуу орындарында ауызсуды мақсатсыз...