Антикор Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық істі тергеуде

Антикор Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық істі тергеуде
10.01.2025 12:21
0
285
Airan_media YouTube арнасынан алынған бейнеден кадр
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты іс Антикор құзырына берілді

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің себебі белгілі болды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Informburo.kz порталына берген жауабына сәйкес, Нұрымов қоғамдық жерде құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін ұсталған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Аталған азамат қоғамдық орында құқыққа қайшы әрекеттер жасағандықтан, оны ұстау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлеріне күш көрсету туралы айып бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тергеу үшін тапсырылды", – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу Антикор департаментіне тапсырылған. Бірақ полиция қызметкерлеріне қатысты күш көрсету ісін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қарауының себебі нақтыланбаған.

Бұған дейін облыстық полиция департаменті Нұрымовқа қарсы іс өзгенің мүлкін әдейі бүлдіру дерегі бойынша қозғалғанын хабарлаған.

"2023 жылдың 10 желтоқсанында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылында орын алған құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келтірілді. Бұл шығын әкімшілік жауапкершілік шегінен асып, қылмыстық жауапкершілікке әкелетін деңгейде болды", – делінген департамент хабарламасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или