Ақмола облысында кене шаққаннан кейін жасөспірім жансақтау бөліміне түсті
669
Ақмола облысында кене шаққаннан кейін 17 жастағы студент ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр.
«17 жастағы науқасқа кене вирустық энцефалиті диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі бұзылған деп бағалануда», - деп хабарлады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін барынша күресуде, дейді басқармадағылар.
Желіде тараған ақпарат бой ынша, жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбеген. Соның салдарынан ауру асқынып, науқас балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
Мамандар тұрғындарды табиғат аясында сақтық шараларын қатаң сақтауға және кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
10:23
"Аллаға шүкір": Тұрсынбек Қабатов туған күнін О...
12.10.2026
10:14
Қапқа оралған мәйітті иыққа асып әкеткен: Алма...
12.10.2026
09:24
«Яндекс» істен шықты, қазақстандықтардың жеке д...
12.10.2026
09:13
Тоқаев әуежайдан Бельгия королі мен патшайымын ...
12.10.2026
09:09
«Ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспіз». Д...
11.10.2026
17:22
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне жауапты ұ...